Биыл шілдеде Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 93 келіден аса синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды. «Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгені құрауы мүмкін. Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.