Екі қазақстандық боксшы «Ұлттар кубогінде» топ жарды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер боксынан Сербияда өтіп жатқан «Ұлттар кубогінде» Қазақстан командасы алғашқы екі алтынын еншіледі деп жазады Olympic.kz.</h4>

 16 Қаңтар 2021 2021, 12:14
16 Қаңтар 2021 2021, 12:14
2015

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер боксынан Сербияда өтіп жатқан «Ұлттар кубогінде» Қазақстан командасы алғашқы екі алтынын еншіледі деп жазады Olympic.kz.

Атап айтар болсақ, 48 келідегі Арайлым Марат пен 54 келідегі Дина Жоламан турнир жеңімпаздары атанды.  Арайлым финалда словакиялық қарсыласын жеңсе, Дина шаршы алаң иесі сербиялық боксшыны ұтты.  

Бұл қазақстандық спортшылардың ұзақ үзілістен кейін қатысып жатқан алғашқы халықаралық жарысы екенін айта кеткен жөн. 


Наверх