Екі күнде Алматыдан 100 мыңнан аса адам шықты - әкімдік

20 Наурыз 2020, 12:04
5388
Бөлісу:
Екі күнде Алматыдан 100 мыңнан аса адам шықты - әкімдік
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.  

19 наурыз күні қалаға 3884 көлік кірсе, қаладан 4383 көлік шықты. 20 наурыз күні қаладан 10272 көлік шығып, қалаға 17 810 көлік кірген. Бұл көліктермен қалаға 19 күні 47 325 адам кіріп, 45 956 адам шықты. Ал 20 күні 54 700 адам шықса, 49 018 адам кірген, – деді ол.  

Сонымен қатар ол қалада бірнеше үй оқшауланып, қоршауға алынғанын айта келе, алдағы уақытта текхниканың бәрін ол жерлерге қою қажетпе деген нәрсені қарап жатқандарын жеткізді. 

Мүмкін үйдің айналасын бәрін қорғамай, бір кіре берісін ғана қорғайтын шығармыз. Мұның бәрі қазір штабта қарастырылып жатыр. Қандай шаралар қолдау қажеттігі туралы Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік комиссиямен ақылдасып жатырмыз, – деді ол.   

Сондай-ақ  ол қалаға карантин 19 наурыз күні сағат 00.00 кезінен бастап енгізілгенімен сыртқа шығып кеткен алматылықтарды және қалада жүрген өзге өңірдің тұрғындарын шығарып жатқандарын айтты.  

Мұндай жағдаймен бүкіл әлем тұңғыш рет кездесіп отыр. Сондықтан ең басты мәселе тұрғындардың ешқайда шықпай үйде отыруы. Өкінішке қарай кейбір азаматтар әлемдегі осындай жағдайды біле тұра шетелге демалысқа шығып кетті. Солардың кейбірінен вирус анықталуда. Осы тұрғыда бүкіл Қазақстан жұртшылығына ешқайда шықпай тұра тұруға кеңес беремін, – деді әкім орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы