Қазақстандағы Қырғыз Республикасы күндері аясында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шара институттың жеке құрамын қырғыз халқының әдебиеті, мәдениеті және салт-дәстүрімен таныстыруға бағытталған. Көрмеге екі ел арасындағы тарихи қарым-қатынастар туралы деректер мен қырғыз жазушыларының шығармалары қойылды.
Қырғызстандық курсанттар мәдени бағдарлама ұйымдастырды, өлең оқып, екі тілде ән шырқады.
Екі елдің түбі бір, тарихымыз бен мәдениетіміз де ортақ. Отанымыздан шет жүрсек те, Қазақ елінде ешкім бізді сырт тепкен жоқ, қайта жылы қабылдап, бауырларына тартып келеді, - деді 5 курс курсанты Алханбек Болкоев.
Қазақстан мен Қырғызстан – тарихы мен мәдиениеті ортақ Орта Азия елдері. Екі мемлекетте де екі ұлттың өкілдері тамыр жайған.
Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бағдарламасы бойынша әскери институтқа Қырғызстан мемлекетінің өкілдері де қабылданады. Бүгінге дейін 18 қырғызстандық курсант оқып бітірсе, 8 курсант институт қабырғасында білімдерін шыңдауда.