Екі ел азаматтығымен жүрген ресейлікке айыппұл салынды

20 Ақпан 2024, 22:10
536
Бөлісу:
Екі ел азаматтығымен жүрген ресейлікке айыппұл салынды

Қызылорда полицейлері қос азаматтықпен жүрген ресейлікті анықтады,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 78 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде сот шешімі бойынша 6 шетелдік елден тысқары шығарылды. Қос азаматтығы бар бір адам анықталып, оған қатысты тиісті шара қабылданды. 

Мәселен, Қызылорда қаласы көші-қон бөлімінің қызметкерлері тексеру барысында Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған құқық бұзушыны анықтады. Ресей Федерациясының 40 жастағы азаматшасына қатысты ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен бұл азаматша 516 880 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы