Екі бухгалтер бюджеттен 99 млн теңгені жымқырды – Бигайдаров

7 Тамыз 2024, 12:45
392
Бөлісу:
Екі бухгалтер бюджеттен 99 млн теңгені жымқырды – Бигайдаров
Фото: автордан -архив

Бұл туралы брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бухгалтерлер автомобиль жолдарының жұмысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны және бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін сотталды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Тұран ауданы әкімі аппаратының “Туранбас” бухгалтері Асановаға және Төлеби ауданының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Жарық-жол” бас бухгалтері Беспаеваға қатысты үкім шығарды, - деді ресми өкіл.

Асанова мен Беспаева жалған бухгалтерлік құжаттар негізінде үлестес кәсіпорындарға қаражатты заңсыз аударған.

Олар 2023 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында нақты жұмыс істемеген тұлғаларға жалақыны жүйелі түрде аударып отырды. Жымқырылған қаражаттың жалпы сомасы 99 млн теңгені құрады. Сот үкімімен Асанова мен Беспаеваға 8 және 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айрылды, - деді Бигайдаров.

Айта кетейік, сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы