Атырауда сотталған 2 азамат түзеу мекемесінен мерзімінен бұрын босап шықты. Қос тұрғын Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілінген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жазасын өтеген ер адамның бірі орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған. Сол үшін 1 жыл 4 ай мерзімге сотталған. Екінші тұрғын да орташа ауырлықтағы қылмысқа барып, 1 жыл 1 ай 18 күнге бас бостандығынан айырылған. Рақымшылыққа іліккеннен кейін Атырау қалалық сотының қаулысымен бірі 6 ай 5 күнге, екіншісі 2 ай 29 күнге №15 түзеу мекемесінен алғашқылардың бірі болып, жаза мерзімінен бұрын босап шықты.
Конституцияның 30 жылдығына рақымшылық заңын қолдану бойынша Атырау облысында 300 сотталған жатады. Ол түзету мекемелері мен тергеу изоляторларына қатысты ақпарат. Соның ішінде 5-і босатуға, қалған 295-і жаза мерзімін қысқартуға жатады. Оның қазіргі уақытта 130-дас астам іс материалдары сотқа жолданды. Оның ішінде 30-дан астамы әлеуметтік осал топтарға қатысты. Бұдан бөлек пробация есебінде тұрған 460-тас астам есепте тұрған тұлғалар рақымшылық заңын қолдануға жатады. Оның ішінде 90-нан астамы босатуға, 370-тен астамы жаза мерзімін қысқартуға жатады. Қазіргі уақытта 296 сотталушыға қатысты материал сотқа жолданып, 21-і қаралды. Бәрі де сотпен қанағаттандырылды, - дейді Атырау облысындағы ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы тобының бас маманы Альбина Исахатова.
Рақымшылыққа іліккендер арасында босатуға жататындар жеңіл қылмыс жасағандар, қысқартуға жататындары жеңіл және орташа жеңілдікте қылмыс жасағандар. Ауыр қылмыс жасағандар арасында жаза мерзімін өтеудің 5/1 бөлігін қысқартуға жатады дейді жауаптылар.