Бүгін Egov.kz платформаларының жұмысында уақытша үзіліс болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Электронды үкімет» Telegram-арнасы хабардар етті.
Осылайша, ақпараттық жүйенің жұмысы белгілі бір уақыт аралығында уақытша қолжетімсіз болады.
Біз өз қызметтеріміз бен жобаларымызды үнемі жетілдіріп отырамыз. Тұрақты жаңартулар қызметтер мен жобаларды сізге ыңғайлы етуге көмектеседі. Осыған байланысты, 16 қыркүйек сағат 21:00-ден 17 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін жобалар уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, - делінген хабарламада.