EGov Mobıle қосымшасында жаңа құжат қолжетімді болды

21 Сәуір 2023, 18:01
1009
Бөлісу:
EGov Mobıle қосымшасында жаңа құжат қолжетімді болды
Фото: gov.kz

EGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Шетелдіктің тұруына ықтиярхаты» цифрлық құжатын жеке басын куәләндыру үшін пайдалануға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты – шетелдіктің Қазақстанда тұрақты тұруға құқығын растайтын құжат. Оны ресімдеу үшін Қазақстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу қажет.

eGov Mobile қосымшасының жетістіктерінің бірі – «Цифрлық құжаттар» бөлімі. Біз қазақстандықтар мен Қазақстанда тұруға құқығы бар шетелдіктерге ыңғайлы болу үшін барлық өмірлік қажетті құжаттарды цифрлық форматқа көшіруге ұмтыламыз. Енді «Шетелдіктің тұруына ықтиярхаты» цифрлық құжаты мобильді қосымшада қолжетімді. Шетелдіктер бұл электрондық құжатты талап ету орны бойынша барлық жерде қағаз құжатпен қатар пайдалана алады, -  деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ» Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторазицияда өтіп, басты беттегі «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі құжаттар тізімінен «Шетелдіктің тұруына ықтиярхатын» басу қажет. Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «Қате туралы хабарлау» батырмасын басу арқылы тиісті мемлекеттік органға e-Otinish арқылы өтініш беруге болады.

Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың аналогы. Қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде 11,7 млн.астам азамат белсенді пайдаланатын 24 құжат (жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тесті және туу туралы куәлік және т. б.) бар. Барлық цифрлық құжаттарды талап ету орны бойынша ұсынуға болады, Заңмен электрондық құжаттың, яғни цифрлық құжаттардың, олардың аналогтарының баламалылығы бекітілген.

Өзгелердің жаңалығы