Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын жеткізуге қатысатын негізгі ресурс ұстаушылармен кеңестер өткізді, олардың қорытындысы бойынша 2022 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынына ұсынылатын баға тоннасына 212 мың теңгені (литріне 176 теңге) (ҚҚС-ты қоса алғанда) құрайды,- деді Ақшолақов.
Министр атағандай, жеткізу мен сақтауды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін болжамды баға шекті бекітілген бөлшек сауда бағаларынан төмен (литріне 230-260 теңге), бұл орташа алғанда 15-30%-ға арзан.
Айта кету керек, Энергетика министрлігінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін дизель отынына арзандатылған бағаларды заңнамалық бекіту құзыреті жоқ. Ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін дизель отынының құны Жанар-жағармай материалдары нарығына қатысушылармен келісім жолымен айқындалады және мұнай өнімдерін ресурс ұстаушылардың өздері ерікті түрде белгілейді.Министрлік көктемгі егіс жұмыстарын тұрақты жүргізу үшін жан-жақты шаралар қабылдауда, - деді министр.