Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Академигі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті, «Persona» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының бас директоры Вячаслав Локшин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері және негізгі ұсыныстар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
Бүгінгі көтеріліп отырған тақырып әлем елдерін де алаңдатқан негізгі мәселелердің бірі. Ерекше тоқталғым келіп отырғаны – жүкті әйелдер мәселесі. Былтыр Қазақстанда аналар өлімі артты. Бұл жалпы денсаулық сақтау жүйесінің бұзылуымен тікелей байланысты дүние. Яғни, 2020 жылдың жазында болған толқынның қайталанбауы үшін барынша күш салуымыз керек. Бір қуанарлығы, бүгінде денсаулық сақтау жүйесі біршама дайын, төсек-орын көлемі жеткілікті және ең бастысы, профилактика жолға қойылған. Тіпті, вакцинацияның өзі міндетті маска тағы режимі мен әлеуметтік қашықтық сақтау ережелерін кері ысырып тастай алмайды, - деді ол.
Вячаслав Нотанович егер жүктілік жоспарланған болса, онда вакцинаны әйелдер жүкті болмас бұрын салғызғаны дұрыс екенін айтады.
Жүкті әйелдер көрсеткіші бойынша көбіне жас келіншектердің саны басым. Ал, коронавирус олардың басым көпшілігінде жеңіл өткенімен, егер оған пневмония қосылса, онда жағдай күрт нашарлай береді. Сондықтан, вакцинация ауырып қалмаудың немесе аурудың асқыну мүмкіндігін азайтудың бірден бір жолы, - деді профессор.