Егер полиция өзгермесе, халық өзгерістерді сезінбейді – Ахметжанов

13 Мамыр 2022, 10:25
1719
Бөлісу:
Егер полиция өзгермесе, халық өзгерістерді сезінбейді – Ахметжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Павлодар  халықына есеп беру кездесуінде айтты.

Жаңа Қазақстан, жаңа полиция деп жатырмыз. Бізге қандай өзгерістер керек? Бүгін Павлодар жұртшылығымен кездесудің мақсаты да халыққа жақын болу, халықтың сеніміне ие болу. Халықты қандай мәселе мазалап, құт-беркесін қашырып отырғанын білу. Құқықтық реформа, басқа реформа туралы айтып жатырмыз. Бірақ сана-сезім, көзқарас өзгермей ешқандай реформа көмектеспейді, - деді ол.

Ахметжанов айтып өткендей, 1995 жылдан бастап өтпеген референдум да өткелі жатыр. 

Халық өзгерістерді қолдаса ғана, оны енгізу үшін референдум өткізгелі жатыр. Оған Ертіс өңірінің халқы да белсенді қатысады деген ойдамын. Біз «еститін мемлекет» тұжырымдамасы арқылы халыққа бұл өзгерістер керегін анықтауды жөн көріп отырмыз. Президент өз өкілеттігін де бөліп беріп жатыр, ол баланс болуы үшін қажет. Полиция халыққа қызмет көрсетіп, құқық қорғауды қамтамасыз етіп отырған орган ретінде басты рөл атқарады. Егер полиция өзгермесе, халық өзгерістерді сезінбейді. Біздің алымызда қай жаққа қарай өзгеру керек? Халықтың сеніміне қалай ие болу керек? деген міндеттер тұр, - деді Марат Ахметжанов. 

Министр айтқандай, халықпен өзара байланыс орнатуды басты назарға алуы керегін айтты. 

Халық полицияға жүгініп, оған сенуі керек. Қылмыстың себебін анықтағанша, оның алдын алуымыз керек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы