"Егер Еуропа Украинаға әскер кіргізсе...": ҰҚШҰ мәлімдеме жасады

Кеше, 21:50
299
Бөлісу:
"Егер Еуропа Украинаға әскер кіргізсе...": ҰҚШҰ мәлімдеме жасады
Фото: pixabay.com

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Украина аумағына еуропалық мемлекеттердің әскери контингенттерін енгізу ықтималдылығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Наталья Харитонова Украинаға Еуропа елдерінің әскери контингенттерін аймаққа енгізген жағдайда қауіпсіздікке жаңа қатер төнуі ықтимал деп отыр.

Бұл жеке мемлекеттерді – ұйым мүшелері мен ұйымның өзін де мазаламай қалмауы мүмкін емес. Ұйым ондай көмек сұраған мемлектке көмектің түрлі нұсқаларын ұсынуға дайын. Тек ҰҚШҰ жарғылық құжаттарына толықтай сәйкестік пен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімдеріне сәйкестік кезінде, - деді ұйымның баспасөз хатшысы.

Бұған дейін Францияның қаржы министрі Эрик Ломбард Bloomberg-ке берген сұхбатында Франция, Ұлыбритания мен еуропалық мемлекеттер ұрысты тоқтату режимін қамтамасыз ету үшін Украинаға әскер жіберуге дайын екендерін айтқан болатын.

Британдық Telegraph Лондон мен Париж 30 мыңға дейін еуропалық әскерилерді жіберуді қарастыратын бірлескен бітімгерлік жоспарды әзірлегенін жазды.

Өзгелердің жаңалығы