Егер әр азамат мемлекеттің дамуына үлесін қосатын болса, онда еліміз дамиды - Бердібек Сапарбаев

19 Наурыз 2023, 11:55
1119
Бөлісу:
Егер әр азамат мемлекеттің дамуына үлесін қосатын болса, онда еліміз дамиды - Бердібек Сапарбаев
Фото: Арман Мухатов

Қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бердібек Сапарбаев №111 сайлау учаскесіне отбасымен бірге келді. Қоғам қайраткері бүгін еліміз үшін ерекше күн екенін атап өтті.

Бүгін көңіл-күй жақсы болу керек. Өйткені бүгін - мемлекетіміздің, ұлтымыздың болашағын айқындайтын күн. Қазіргі заманғы талап бойынша басқа мемлекеттерден көш қалмауы үшін елімізде жаңалықтар, жаңғырулар, өзгерістер болуы керек. Соның ішіндегі ең негізгісі - ол саяси реформа. Ол еліміздің экономикасының дамуына, халықтың жағдайын жақсартуына әсер етеді, - деді Сапарбаев.

Ол атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың өзгерісінің тағы бірі еліміздің, ұлтымыздың дамуына, оның ішінде демократиялық басым болуына өзінің әсерін тигізеді.

Сайлауға келіп жатқан азаматтардың көптігі олардың көңіл-күйінің жақсы болуы мемлекетіміздің болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Егер әр қазақстандық белсенді болып, мемлекеттің дамуына үлесін қосатын болса, онда келешекте Қазақстанымыздың жағдайы жаман болмайды, - деп айтты Бердібек Сапарбаев.

Оның сөзінше, Парламент депутаты атанған азаматтар өз сайлаушыларына берген уәделеріне сәйкес жұмыс істеп, белсенділіктерін танытады. Сондай-ақ әрбір депутат еліміздің, ұлтымыздың дамуына үлесін қосады деген пікір айтты.  

Өзгерісті әрбір қазақстандықтан бастау керек. Өйткені, мемлекет әрбір ортасыдан, әрбір азаматтан құралады. Әр азамат мемлекеттің дамуына үлесін қосатын болса, онда еліміз дамиды. Ол үшін әр адам еңбек етуі керек. Жастарға тек жұмыс істеп, көбірек білім алуы керек. Қазір жастар еліміздің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндігі көп. Үміткерлер арасында да жастар көп. Барлығына сәттілік тілеймін, - деп айтты Сапарбаев журналистерге берген сұқбатында.

Өзгелердің жаңалығы