Эфирде 30 сағат: Елордалық радио рекорд орнатуды жоспарлап отыр

Эфирде 30 сағат: Елордалық радио рекорд орнатуды жоспарлап отыр
635

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Orda FM» радиосы елорда әкімдігінің қолдауымен ел рекордын (Қазақстанның рекордтар кітабы) орнатып, эфирде 30 сағат болуды жоспарлап отыр. 

Тікелей эфир таңғы сағат 8-ден бастап «Бәйтерек» монументінде орнатылған көшпелі студиядан жүргізіледі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

«Бәйтерек» монументінен тікелей эфир 30 сағат бойы жүргізіледі. Осылайша, кейбір жүргізушілердің үздіксіз радио эфир ұзақтығы бойынша Қазақстанның рекордын орнату жоспарлануда.

Студия қонақтары Тәуелсіздіктің қалыптасуына үлес қосқан белгілі мәдениет, өнер, спорт, музыка қайраткерлері болады.

Эфирге қатысушылар қатарында Алтынай Жорабаева, Аргоня, Салтанат Серкебаева, Алексей Лодочников, Индира Жандашова, Серік Сәпиев, Дос, Мұхит Тұрсынов және т.б. бар.

Тікелей эфир 13 желтоқсанда таңғы 8-де басталып, 14 желтоқсанда сағат 14:00-де аяқталады.

Айта кетейік, марафон Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.


Фото: дереккөз