Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эфиопияның Тыграй аймағына азық-түлік пен гуманитарлық көмек тиелген 79 жүк көлігі жөнелтілді.
Бұл туралы жексенбі күні БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Эфиопиядағы кеңсесінде мәлімдеді, деп хабарлады Анадолу агенттігі.
Кеңсе Twitter-де бұл жұмыс Эфиопия армиясы мен Тыграйды азат ету халықтық майданы арасындағы қақтығыстардан зардап шеккен және гуманитарлық көмекке мұқтаж миллиондаған аймақ тұрғындарын қолдауға бағытталғанын айтты.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметі бойынша, Эфиопияда 9,4 миллион адам азық-түлік көмегіне мұқтаж.
Эфиопия үкіметі 2 қарашада елде төтенше жағдай жариялады.