Едіге Қасымбек Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті.
Еркін күрестен 110 келі салмақта бақ сынаған Едіге финалда америкалық спортшыға есе жіберді.
Айта кетейік, 65 келіде Бақдәулет Әкімжан біріншіліктің қола медалін жеңіп алған болатын.