Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Қазір “Қазақтелеком” АҚ-мен тауарлардың біріккен катологын жасауды қолға алмақпыз. Ол жерде шағын және орта бизнес өкілдері өз тауарын жүктейтін болады. Бұл туралы беларустық ANNA бірыңғай цифрлы сауда-логистикалық платформасының негізін қалаушы, директорлар кеңесінің төрағасы Василий Гриневич Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
Оның айтуынша, инновациялық бағыттағы компаияларға ынтымақтаса жұмыс істеу қажет, оның үстіне біздің елдер ЕАЭО мүше болып келеді.
“Ертең өттін форум бірігіп жұмыс істеу үшін маңызды. Осы кездесу аясында “Қазақтелеком” АҚ-мен серіктестік жөнінде келісім жасамақпыз. Бізге жоқ дегенде үш елмен келісім жасау қажет. ЕАЭО аясында кез келген платформаны бизнесті қоса отырып бірігіп дамыту қажет деп ойлаймын. Кәсіпкерлер үшін бәрі ыңғайлы болу керек. Яғни қағаз бастылықтан арылу, түрлі төлемдерді жеңілдету, жылдамдату, даму үшін қосымша қаржыландыруға қол жеткізу. Ол үшін бірге дамитын экожүйе керек”, -дейді ол.
Сондай-ақ ол бұл бағытта шекарааралық байланысты да нығайту керектігін айтты.
“Бізге тауарымызды тек өз мемлекетімізде ғана емес, шетелге де шығару қажет. Бұл тұрғыда әр елдің өзіне сай басым тұстары бар. Тек соған бизнесті ыңғайлы етіп, электронды жүйені жетілдіре түсу керек. Оны жоғарыдан емес, төменнен бастау керек”,-дейді В.Гриневич.
Сонымен қатар ол, қазір “Қазақтелекоммен” тауарлардың біріккен катологын жасауды қолға алғандығын айтып өтті.
“Ол жерде шағын және орта бизнес өкілдері өз тауарын жүктейтін болады. Бұл әр ел не ұсына алатынын көріп отыруда ыңғайлы. Жалпы мұндай каталогты әр елде жасаған жөн. Биыл осыны бірігіп жасайтын боламыз. Белорусте бұл бұрыннан бар, 10 мыңдаған өндіруші оған өз заттарын салып отырады”, -дейді ол.