2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13 843,1 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 4,1% көбейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Тауар айналымының құрылымы:
Экспорты – 5 430,1 млн АҚШ доллары
Импорт – 8 413 млн АҚШ доллары
ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,1%, одан кейін химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 25,5%.
ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым. Пайыздық үлесі – 20%, ал ЕАЭО келетін металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 18,9%, сондай-ақ машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар бойынша – 18%.