ЕАЭО елдері тауарға ілеспе жүкқұжат рәсімдеуге міндеттеледі

25 Наурыз 2023, 16:27
951
Бөлісу:
ЕАЭО елдері тауарға ілеспе жүкқұжат рәсімдеуге міндеттеледі
Фото: kaztag.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаментінің директоры Қадыр Ісмағұлов 1 сәуірден бастап ЕАЭО елдерінің аумағында тауарларға ілеспе жүкқұжат рәсімдеу не үшін енгізіліп жатқанын туралы түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

2023 жылдың 1 сәуірінен Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда жасасу кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжат рәсімдеу міндеттеледі. Бұл көлеңкелі тауар айналымын жойып, қосымша құн салығын жоғалтпауға мүмкіндік береді, - дейді департамент директоры.

Ісмағұловтың айтуынша, аталған шара 2020 жылдан осы күнге дейін ерікті негізде ілкі жоба ретінде қолданылып келген.

Тауарға ілеспе жүкқұжат рәсімдеу шекараны кесіп өткен кезде электронды түрде (электронды цифлық қолтаңба арқылы) іске асатынын атап өту қажет. Соның арқасында құжатты жасанды тұлғалардың атына рәсімдеудің, жалған жүк қабылдаушылар мен жалған жөнелтушілердің, жалған бонкроттықтың жолы кесіледі, - деп түсіндірді Қадыр Ісмағұлов.

Өзгелердің жаңалығы