ЕАЭО даму бағыты талқыланды

31 Қаңтар 2020, 09:45
1402
Бөлісу:
ЕАЭО даму бағыты талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Ә.А. Смайылов Алматыдағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Отырыс барысында ЕАЭО одан әрі дамуы жөнінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Оның ішінде кедендік және техникалық реттеу, сауда, дәрі-дәрмектердің ортақ нарығын дамыту және одаққа мүше елдердің ақпараттық технологиялар процестері саласындағы ынтымақтастығы мәселелері бар.

Отырысқа қатысушылар 2025 жылға дейінгі еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжаттың дайындық барысын талқылады.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселе ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою бойынша одаққа мүше мемлекеттер тарапынан атқарылған жұмысты талқылау. Қазақстандық тарап тағы бір рет ЕАЭО серіктестерінің назарын кедергілерді жоюдың қазіргі тәртібін түбегейлі қайта қарау қажеттігіне аударды.

Тараптар өзара мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде банктік кепілдемелерді мойындау мәселесін талқылады. Мәселен, егер Қазақстан ЕАЭО барлық елдерінің банктік кепілдемелерін қабылдайтын болса, Ресейде мемлекеттік сатып алулар рәсімдеріне қатысуға тек Ресей банктерінің банк кепілдемелері қабылданады. 

Қазақстан Еуразиялық даму банкі беретін банктік кепілдіктерді бірінші сатыдан-ақ тану мүмкіндігін қарастыру жөніңдегі Еуразиялық экономикалық комиссияның ұсынысын қолдайды,-деді Әлихан Смайылов. 

Ол қазақстандық тарап банктік кепілдемелерді өзара тану туралы келісімді дайындау бойынша жұмысты жалғастыруға шақыратынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы