Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау жөніндегі" заң жобасы қабылданды.
Бұл құжатқа 2019 жылы 29 мамырда Нұр-Cұлтанда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары қол қойған.тың айтуынша, келісімнің негізгі мақсаттары - тауарлар айналымына тиімді бақылауды қамтамасыз ету, заңсыз айналымды анықтау, салық төлеуден жалтару жағдайларын болдырмау, бюджетке түсетін салық және кеден төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз ету.
Келісімнің ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігін құру мерзімдері мен тәртібін регламенттейді. Қадағалау импорттық тауарлар бойынша жүзеге асырылатын болады. Қадағалауға жататын тауарлардың тізбесін Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі бекітеді. Әрбір мемлекет өзінің ұлттық қадағалау жүйесін құруы қажет, сондай-ақ салық төлеушілердің өздерінің ілеспе құжаттарын осы жүйеде ресімдеуін бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Құжаттар осы жүйеде ресімделмесе тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ аясында тасымалдауға тыйым салынатын болады, - деді Ерұлан Жамаубаев.Қадағалау жүйесінде тауар қандай елден шыққанын, баж туралы және тағы басқа ақпараттар көрсетіледі. Тауар айналымы туралы мәліметтер өтініш енгізілген күннен бастап 5 жыл өткен соң тоқтатылады.
Заң жобасына сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ұлттық қадағалау жүйесіндегі мәліметтермен алмасады.
Келісімді барлық мүше мемлекеттер бекіткеннен кейін, әрбір мемлекет 120 күнтізбелік күн ішінде қадағалау тетігін үйлестіруге және іске асыруға жауапты. Келісім күшіне енген күнінен бастап 12 айдың ішінде қанатқақты жоба іске қосылатын болады. Пилоттық жобаның нәтижелері бойынша, қадағалау жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне көшу туралы шешім қабылданады, - дейді министр.
Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдады.