Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Праймериздің ең жас қатысушысы 20 жастағы Арсланбек Мағзұм өзінің кандидатурасын беріп, өз ойы туралы айтып берді.
Қазір Nur Otan партиясы еліміздің одан әрі дамуы үшін сындарлы ұсыныстар бере алатын, мықты адамдарды іріктеу үшін алғаш рет партияішілік іріктеу - праймериз сайлауын өткізуде. Осыған байланысты мен праймеризге қатысушы ретінде өз кандидатурамды ұсындым. Өз білімім мен тәжірибемді халқымыздың игілігі үшін пайдалана аламын деп есептеймін. Нақты істердің уақыты келді, мен халықтың проблемаларын шешуге барынша көмектесуге және қала халқының өмірін жақсарту үшін барлық ресурстарымды пайдалану үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын. Қазір билікке нақты адамдар керек. Олар сөзбен емес, іспен өз жұмысын көрсетуі қажет, - дейді Арсланбек Мағзұм .20 жастағы праймериз қатысушысының ойынша, Қазақстанның болашағы – жастардың қолында.
Мен 20 жастамын және Қазақстанның болашағы жастардың қолында деп сеніммен айта аламын. Өйткені қазір қиын жағдайларда қандай да бір мәселелерді тез шеше алатын және креативті тұлғалардың уақыты. Жастар ілгерілеудің қозғаушы күші мен тірегі. Қазір жас кадрларларды басшылық позицияларына көбірек алып, нәтижелі жұмыс көрсетуде. Бұл мемлекет тарапынан дұрыс саясат. Өйткені, жастардың одан әрі ілгерілеуі үшін мүмкіндік пен тәжірибе беру керек, - деп санайды Арсланбек Мағзұм.
Арсланбек халықтан және олардың проблемаларынан қашпай, оның шешімін табу керек дейді.
Халықтан және проблемалардан аулақ болудың қажеті жоқ. Адамдармен кездесу, олардың проблемаларын сұрау, түсіндіру жұмыстарын жүргізген дұрыс. Олар жүгінетін мәселе бойынша пайда болатын нақты әрекеттерді қабылдау қажет. Қазіргі таңда әрбір жағдайға тез бейімделетін және бәріне дайын болатын азаматтар қажет. Өйткені біз бәріміз білетіндей, індет біздің экономикамызға қатты соққы берді. Кейбір органдардың көптеген кемшілігін байқадық. Билікте батыл және тез шешім қабылдайтын адамдар қажет, - деді ол.
Осы ретте жастарға өздерін саяси аренада көрсетуге мүмкіндік беру керек. Ол қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жоғарыға жеткізгісі келетінін айтты.