Ең үздік гол соғушы анықталды

21 Желтоқсан 2019, 01:57
1979
Бөлісу:
Ең үздік гол соғушы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ең ғажап гол анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Ең үздік голдың авторы болып, "РБ Лейпциг" командасының ойыншысы Марсель Забитцер танылды. Оның "Зенит" (2:1) қақпасына соққан голын көрсеңіз, асқан шеберлікпен соғылған доп екеніне куә боласыз.

Айтпақшы, дауыс беру кезеңінде Забитцер "Барселона" шабуылшысы Луиса Суаресті ("Интерге" соққан голы, 2:1), "Интер" футболшысы Лаутаро Мартинесті ("Славия" қақпасын дәл көздеді, 3:1) және "Ювентус" жартылай қорғаушысы Дуглас Костаны ("Локомотивке" соққан голы, 2:1) жолда қалдырды.

 

Өзгелердің жаңалығы