«Е-лицензиялау» порталының проблемалары аталды

4 Маусым 2021, 13:50
2478
Бөлісу:
«Е-лицензиялау» порталының проблемалары аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша V Республикалық кәсіпкерлер форумында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облыстық экологиялық реттеу агенттігі порталдың жетілдірілмегін анықтады. 

Порталда қоршаған орта эмиссиясына рұқсат беруді қайта рәсімдеу туралы өтініші беру мүмкіндігі қарастырламаған. Кәсіпкерлер лицензия алуда да көптеген қиындақтарға тап болады. Оған порталдың жетілдірілмегені себеп. Порталдың интерфейсін қабылдауда қиындықтар туындауда, жиі болатын ақаулар мен мәліметтерді жаңарту мезрімінде алшақтық бар. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін осы мәселеге назар ауларуын сұраймыз, - деді ол.

Айта кетейік, агенттік тарапынан Энергетика министрлігі, санитарлық эпидемиологиялық бақылау, фармацевтикалық бақылау, ішкі мемлекеттік аудит комиеттері және Алматы, Түркістан облыстары әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасалды. Сегіз салаға антикоррупциялық мониторинг жасалды. Олардың қатарында жер қатынастары, құрылыс, агроөнеркәсіптік кешенді, азық- түлік өнеркәсібін қолдау, экологиялық реттеу, кәсіпкерлерге субсидия беру, білім беру гранттарын бөлу, авторлық құқық салалары бар.

Өзгелердің жаңалығы