e-Gov порталына жасанды интеллект енгізілмек

15 Қаңтар 2019, 11:46
1620
Бөлісу:

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2021 жылы электронды үкімет e-Gov сатысына көшетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2018 жылы электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізген зерттеулер нәтижесінде Қазақстан 39-орынды иеленген.

«Бұл – даму қарқыны өте жоғары мемлекеттер арасындағы көрсеткіш. Біздің электронды үкімет қазір eGOV 2.0.  сатысында. Ал «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында біз eGOV 3.0 сатысына көтерілу жұмыстарын жүргізудеміз. Мұны Оңтүстік Корея, Австралия, Сингапур, Ұлыбритания мен Данияда қолданылып жатыр», - деді министр.

Осы орайда ол e-Gov 3.0 нұсқасына толығырақ тоқталды.
   
«Ең алдымен бұл - «Жасанды интеллект», «Проактивті қызметтер», «Интернет заттар» мен тағы басқалар технологиялық артықшылықтар. 2021 жылы біз e-Gov 3.0 сатысына толық көшуді жоспарлап отырмыз. Дегенмен қазір бұл сатының кейбір элементтері енгізіліп те қойған. Мысалы, ақпараттық жүйелердің интеграциясы өндірілуде. Сонымен қатар, «Смарт Бридж» жобасының аясында жасанды интеллект элементтері енгізіліп, проактивті қызметтер жүзеге асырылады», - деп түйіндеді сөзін Дәурен Абаев.

Айта кетейік, осыған дейін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халықтың әлі мекен-жай анықтамасын алу үшін ХҚКО-ға барып жүргені туралы айтқан болатын. 

Бұдан басқа, ведомсвто басшысы 141 қызмет электронды форматқа ауысатынын хабарлады. 

Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев e-Gov электронды үкімет порталындағы халық жиі пайдаланатын қызметтерді атады.
Дәурен Ерболат
Өзгелердің жаңалығы