Еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы 30% өседі

30 Қаңтар 2019, 15:07
3828
Бөлісу:
Еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы 30% өседі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылыдң 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан, еңбекке қабілеттілігінен айырылған тұлғаларға берілетін әлеуметтік төлемінің орташа көлемін үш есе өсіруді тапсырды. 


«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Үкіметке МӘСҚ-дан  (мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – авт.) асыраушысынан, еңбекке қабілеттілігінен айырылған тұлғалардың әлеуметтік төлемінің орташа көлемін 30% дейін өсіруді тапсырамын. Мадина, осылай жасауға бола ма?» - деп сұрады ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасмыовадан. 

Министр заң жобасының дайын екенін, наурыз айында парламентке енгізіліп, тапсырма орындалатынын айтты. 

«Алғаш рет Қазақстанда мүгедек тұлғаларды қорғайтын кешенді біріктірілген жоспар әзірленіп жатыр. Бұл инклюзивті білім беру, жұмысқа орналастыру, мүгедектікен алдын алу және ескерту, кедергісіз орта, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру секілді мәселелерді қамтиды», - деп жауап берді министр Әбілқасымова.

Назерке АБИБУЛЛА

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы