Еңбек министрлігі қоғамдық қабылдауды электрондық түрде жүргізеді

17 Наурыз 2020, 08:53
1456
Бөлісу:
Еңбек министрлігі қоғамдық қабылдауды электрондық түрде жүргізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек министрлігі қоғамдық қабылдауды қашықтан жұмыс режиміне ауыстырады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын короновирустан қорғау мақсатында министрліктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын және азаматтарды қабылдауды 2020 жылдың 16 наурызынан бастап уақытша тоқтатынын хабарлайды. Барлық өтініштер министрліктің интернет-ресурсы, әлеуметтік желідегі ресми аккаунттары, e-gov электрондық үкімет порталы және Қазақстан Республикасы президентінің виртуалды қабылдау бөлмесі арқылы электронды түрде қабылданады, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомствоға 8-(7172)-74-37-23 телефоны арқылы хабарласуға болады.


Өзгелердің жаңалығы