Еңбек министрлігі 21 250 теңгеге қатысты ақпарат жариялады

5 Тамыз 2020, 22:22
3903
Бөлісу:
Еңбек министрлігі 21 250 теңгеге қатысты ақпарат жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты біржолғы төлем алатын 969,5 мың адамға қосымша 21 250 теңге төленді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 
Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың шілдесінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ең төменгі жалақы немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Айта кетейік, шілде айына 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 миллионнан астам өтініш қабылданды. Төлем 2 миллион 201 мың адамға тағайындалып, оның 2 миллион 182 мыңына ақша түсті.   

Ал 42 500 теңге төлем алуға өтінімдер бірнеше жолмен қабылданады. 2,4 миллионнан астам өтінімнің ішінде 835,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді.

Тағы 621,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар, 358,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы, 634,8 мың адам екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген, - деп хабарлады министрлік.




Өзгелердің жаңалығы