Дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары анықталды
Дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары анықталды
Астанада дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Төрт күнге созылған ел біріншілігіне Қазақстанның 3 қаласы, 17 облысынан барлығы 825 дзюдошы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан чемпионатының жекелей сайыстары бойынша медаль кестесінде Қарағанды облысы (3 алтын, 3 қола) көш бастады. Қарағанды облысы (2 алтын, 2 күміс, 4 қола) екінші орынға жайғасса, Жамбыл облысы (2 алтын, 1 күміс) үздік үштікті түйіндеді.
Ал Қазақстан біріншілігінің аралас-командалық жарысында Қарағанды облысы жеңімпаз атанды. Финалға шыққан Жетісу облысының командасы екіні орынға ие болды. Ал қос қоланы Түркістан облысы мен Жамбыл облысының дзюдошылары өзара бөлісіп алды.
Айта кетерлігі, елордада татамиінде 2006-2007 жылы туған жасөспірім дзюдошылар 16 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2023 жылға Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жасақталады.
Назарларыңызға дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының нәтижесін ұсынамыз: