Дзюдодан олимпиадаға кім барады

4 Маусым 2024, 11:04
842
Бөлісу:
Дзюдодан олимпиадаға кім барады
Фото: BAQ.KZ Дзюдо федерациясы

Дзюдодан Париж олимпиадасында 60 келі салмақта ел намысын қорғайтын спортшы анықталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қатысушысын анықтау мақсатында олимпиадалық рейтингте Олимпиадаға қатысуға үміткер спортшылар арасында іріктеу белдесуін өткізеді.

Іріктеу белдесулері Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында 7 маусым күні өтеді. Белдесулер тікелей эфирде көрсетіледі деп жоспарланған.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының және Халықаралық Олимпиада комтетінің ережесі бойынша жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан әр салмақтан әр елден тек бір спортшы қатысады. Қазіргі таңда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш спортшы, Нұрқанат Серікбаев (15 орын), Елдос Сметов (22 орын)және Мағжан Шамшадин (24 орын) Олимпиадалық рейтингте жолдама иегерлері тізімінде тұр.

Өзгелердің жаңалығы