Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11-13 қаңтар күндері Катар астанасы Дохада дзюдодан маусымашар турнир – Masters бәсекесі өтеді.
Аталған сынға әр салмақ бойынша рейтингте ТОП-36 қатарына енген спортшылар ғана қатысады алады. Olympic.kz Доха татамиінде сынға түсетін қазақстандық дзюдошылар тізіін назарларыңызға ұсынады.
Masters турниріне Қазақстан командасынан жеті балуан шақырту алған.
Олар:
60 келі: Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев
66 келі: Елдос Жұмақанов, Ерлан Серікжанов
73 келі: Жансай Смағұлов
81 келі: Дидар Хамза
90 келі: Ислам Бозбаев
Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері – Ғалымжан Жылгелдиев.