Дзюдодан Grand Slam турниріне баратын спортшылар белгілі болды

5 Желтоқсан 2024, 18:50
460
Бөлісу:
Дзюдодан Grand Slam турниріне баратын спортшылар белгілі болды
Фото: Olympic.kz

Жапония астанасында 7-8 желтоқсан күндері дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жарысқа Халықаралық федерация ұсынған алдын ала тізімге 11 қазақстандық дзюдошы енгізілді. Олар:

Ерлер:

60 келі – Дәурен Сүйекенов;

60 келі – Шерзад Давлатов;

73 келі – Бақытжан Әбдірахманов;

81 келі – Жалғас Қайролла;

90 келі – Максим Мейірлан;

100 келі – Әділет Сапарғалиев.

Әйелдер:

52 келі – Толғанай Әбеуова;

57 келі – Дана Әбдірова;

63 келі – Самалай Ерғалиева;

78 келі – Назгүл Маратова;

78 келі – Карина Тәкиева.

Өзгелердің жаңалығы