Дзюдодан Қазақстан құрамасы жылдың алғашқы жарысына қатысады
Дзюдодан Қазақстан құрамасы жылдың алғашқы жарысына қатысады
<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Тель-Авивтегі әлемдік гран-приге қатысады. Бұл туралы ҚР дзюдо федерациясы хабарлады. </h4>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Тель-Авивтегі әлемдік гран-приге қатысады. Бұл туралы ҚР дзюдо федерациясы хабарлады.
23-25 қаңтар күндері Израиль астанасында дзюдодан әлемдік гран-при кезеңі өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша лицензиялық гран при-турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай қосылмақ. Жеңімпаз 700 ұпайға ие болса, екінші орын алған спортшы - 490, үшінші орын иегеріне 350 ұпайдан үлестіріледі.
Жылдың алғашқы додасына әлемнің 88 елінен 623 дзюдошысы жиналады деп жоспарлануда. Аталған бәсекеде Қазақстан намысын 20 дзюдошы қорғайды.