Дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирі: екі қазақстандық балуан финалға шықты

Қола медаль үшін Аман Бақытжан оңтүстіккореялық Харим Лимен кездеседі

 IJF 9 Мамыр 2025 2025, 16:33
9 Мамыр 2025 2025, 16:33
843
Фото: IJF

Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль үшін күреседі, деп хабарлайды BAQ.

Жартылай финалдық белдесулерде Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) жеңіске жетті.

Орынбасар командаласы Аман Бақытжанды жеңсе, Қырғызбаев қытайлық Цзыян Седен басым түсті.

Финалда Талғат Орынбасар ресейлік Изнаур Сааевпен белдеседі. Ал Ғұсман Қырғызбаев пен ресейлік Рамазан Абдулаев өзара мықтыны анықтайды.

Қола медаль үшін Аман Бақытжан оңтүстіккореялық Харим Лимен кездеседі.

Наверх