Дзюдодан Антальядағы Grand Slam турниріне қатысатын балуандар белгілі болды

26 Наурыз 2024, 21:15
529
Бөлісу:
Дзюдодан Антальядағы Grand Slam турниріне қатысатын балуандар белгілі болды
Фото: olympic.kz

Дзюдодан кезекті Grand Slam турнирін Анталья қабылдайды. Түркияда қазақ спортшылары толық құрамда өнер көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Назарларыңызға Антальяға аттанатын команда құрамын ұсынамыз:

Ерлер:

60 келі: Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Данияр Шамшаев

81 келі: Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Ермахан Әнуарбеков

100 келі: Нұрлыхан Шархан, Әділет Сапарғалиев

+100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

48 келі: Абиба Әбужақынова, Диана Буркеева

52 келі: Толғанай Әбеуова

57 келі: Бақыт Құсақбаева

63 келі: Самалай Ерғалиева, Гүлнұр Баханова

70 келі: Екатерина Токарева

78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина

+78 келі: Ақерке Рамазанова, Мадина Парагульгова

Айта кетелік, Grand Slam турнирі 29-31 наурыз күндері өтеді.

Өзгелердің жаңалығы