Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр салмақтағы WBA, IBF, WBO және IBO чемпионы украиналық Александр Усиктің (19-0, 13 КО) промоутері Александр Красюк британиялық Энтони Джошуаның (24-2, 22 КО) командасы келісімшарттағы қарымта айқас туралы опцияны әлден іске асыруға кіріскенін мәлім етті.
Бұл туралы Sports.ru хабарлады. Келісімшартта қарымта туралы пункт болды. Джошуаның тарабы оны қазірден-ақ пайдалану амалына көшіп жатыр.
Сонымен қатар ол келесі кездесудің Украинада өткенін қалайтынын айтты.Александрмен қарымта кездесу мәселесін талқыладық, ол қуанды. Әзірге екінші жекпе-жек бойынша нақты уақыт жоқ.
Қыста, «Олимпийский» шаршы алаңында, мүмкін ақпанда. +20 болса жақсы. Усиктің «Арена Львовтегі» айқасы есімде, қазан айында +5 болған. Ондайда ринг маңында отыру өте қолайсыз, -деді ол.
Біз осындай бокс бәсекелерінің Украинада өткенін қалаймыз. Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, - дейді Красюк.