Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Президенті Джо Байден Қытаймен соғыстың болғанын қаламайтынын айтты.
Бұл ретте америкалық көшбасшы өзінің ұстанымынан таймайтынын жеткізді.
Бұл туралы ол Балтимор қаласында халықпен кездесуінде айтты, деп хабарлады mir24.tv.
Барлығыңыз естіген боларсыздар. Адамдар Байден Қытаймен соғыспақшы деп айтып жатыр. Мен Қытаймен соғысты қаламаймын. Мен Қытайдың мынаны түсінгенін қалаймын: біз шегінбейміз және ұстанымдарымызды өзгертпейміз, - деді Байден.
Оның сөзінше, Ресей, Қытай және бүкіл әлем АҚШ-тың Қарулы күштері ең мықты екенін жақсы біледі.