Джей Ло концерті: Ticketon директоры мәлімдеме жасады

13 Сәуір 2025, 15:32
1104
Бөлісу:
Джей Ло концерті: Ticketon директоры мәлімдеме жасады
Фото: pixabay.com

Ticketon басшысы Алексей Ли Дженнифер Лопестің Қазақстандағы концертінің билеттерімен байланысты жағдай бойынша бірнеше ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдымен 11 сәуірде билеттер сайтының әкімшілігі көрермендерге Джей Ло концертінің билеттері тек ticketon.kz арқылы сатылатындығын ескертті. Сондай-ақ олар сайттың істемей қалуының себебін атады.

12 сәуірде сайттағы даулы жағдайға байланысты Ticketon басшысы Threads парақшасында түсініктемелер жариялады. Оның айтуынша, бұл жағдайға бірқатар кемшілікті ескермеген "технарлар" кінәлі.

Салдарынан брондалған тапсырыстар көп болып, билеттердің екі реттен сатылу қаупі туындаған. Біз бұл жайтты байқағанда бірден сатылымды тоқтатып, түні бойы "көшірмеленген билеттерді" анықтаумен болдық, делдалдарды "жойып" және әр клиент үшін шешім іздедік, – деп жазады Ticketon басшысы.

Сондай-ақ, оның жазбасынан белгілі болғандай, билет сатылымын дұрыс тіркегендерге Ticketon командасы арнайы ваучерлер жолдай бастайды, ал 200 адам, тіпті концертке тегін қатыса алатын көрінеді.

Мен шын жүректен кешірім сұраймын. Бұл билет сату қызметін ұсынатын бір де бір қазақстандық сервис басынан өткермеген әрі оқулықта айтылмайтын тәжірибе болды. Біз, әлбідетте бұдан мықты бола түсеміз және Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі отандық сервис болуы үшін өз қателіктерімізден сабақ алуға дайынбыз. Барлықтарыңызға шыдамдылық танытқандарыңыз әрі қолдау білдіргендеріңіз үшін рақмет, - деді Ticketon директоры Алексей Ли.

Өзгелердің жаңалығы