Лас-Вегаста (Невада) T-Mobile аренасында америкалық жеңіл салмақтағы (61,2 келіге дейін) Джервонта Дэвис (28-0, 26 КО) мен Райан Гарсия (23-0, 19 КО) кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бокс 12 раундқа жоспарланды. Дэвис 7-ші раундта қарсыласын бүйірінен ұрып, нокаутқа түсірді.
Осылайша, ол WBA Regular нұсқасы бойынша жеңіл салмақта чемпион атанды. Ал Райан мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады.