Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дженнифер Лопестің концертіне кіру қанша теңге?

8 Сәуір 2025, 22:35
1229
Бөлісу:
 insta: jlo
Фото: insta: jlo

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері 40-150 мың теңге аралығында болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Санаулы күннен кейін Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттер сатыла бастайды. Бұл туралы Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов хабарлады.

Оның айтуынша, баға 40-150 мың теңге аралығында болады. Ең қымбат билет құны 150 мың теңе – отыратын орындар. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұрады.

Сатылым бір-екі күннен кейін басталады. Концерт қазақстандықтарды ғана емес, сонымен қатар шетелдік қонақтарды да тартады деп күтілуде. Хасеновтің айтуынша, шамамен 15 мың турист келеді деп күтілуде.

Еске салайық, 1 тамызда «Астана Арена» алаңында Дженнифер Лопестің концерті өтеді, «Astana Concert» продюсері Мәлік Хасеновтың айтуынша, ол 15 мыңнан астам туристерді жинап, қала экономикасына 6,5 миллиард теңге көлемінде үлес қосады.

Өзгелердің жаңалығы