Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дженнифер Лопеске қазақтың зергерлік бұйымдарын кім сыйлағаны белгілі болды

13 Тамыз 2025, 11:39
674
Бөлісу:
 instagram/jlo
Фото: instagram/jlo

Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес Instagram желісінде көрсеткен ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар жиынтығын оған "Астана Концерт" компаниясының продюсері Малик Хасенов сыйлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бұл әшекейлерді Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұсынған.

Дженнифер Лопеске қазақтың зергерлік бұйымдарын кім сыйлағаны белгілі болды
Фото: instagram/jlo

Әлеуметтік желіде ол министр атынан Дженнифер Лопеске сыйлық табыстау сәті бейнеленген жазба жариялады.

Дженнифер Лопеске қазақтың зергерлік бұйымдарын кім сыйлағаны белгілі болды

Еске салайық, бұған дейін әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопес Instagram-да Астанада өткен концерттің ұйымдастырушылары сыйлаған қазақ әшекейлерін көрсеткенін хабарладық.

Джей Лоның Алматыда өткен концертіне 20 мыңнан астам көрермен жиналды, қонақтар арасында шегіртке де "келгенін" жазған болатынбыз.

Астанада аты әлемге жайылған әнші Джей Ло берген концерт Қазақстанды таңғалдырған ғаламат шоу болды. Аталған концерт жайлы жазған шолуымызды мына жерден оқи аласыз.

Бұған дейін Дженнифер Лопестің Қазақстанда өтетін концертіне қанша турист келетіні туралы да жаздық.

Еліміздің оңтүстік астанасында өтетін Дженнифер Лопестің концерті Қазақстан экономикасына 5 млрд теңге пайда әкеледі деп жоспарланған еді.

Қазақстанға Дженнифер Лопестен соң іле-шала әлемдік супержұлдыз Шакира келіп концерт қоюы мүмкін. Бұл туралы "Астана Концерттің" продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеді.

Сондай-ақ, Дженнифер Лопеске күзетші дүкенге кіруге рұқсат бермеген.

Белгілі болғандай, жуырда Астанада концерт қойған әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертінен қазынаға қандай пайда түскені әлі есептеліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы