Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дженнифер Лопес Астанадағы концерттен соң Ташкентте өнер көрсетеді

6 Маусым 2025, 14:26
829
Бөлісу:
 Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі

Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес Астанадағы жеке концертінен кейін Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында тыңдармандарына ән шырқайды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Концерт 7 тамыз күні «Бунёдкор» стадионында өтеді. Билеттер 5 маусымнан бастап сатылымға шықты. Олардың бағасы 1 миллион сумнан (шамамен 40 мың теңге) бастап, 3,7 миллион сумға дейін (шамамен 150 мың теңге) өзгереді.

Шараны ұйымдастырушылар билеттердің кері қайтарылмайтынын және айырбасталмайтынын ескертеді. Алаяқтықтың алдын алу үшін билеттерді тек ресми сайттан — iticket.uz арқылы сатып алуға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы