Джеки Чан Алматыға келді. Әйгілі актердің Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Желі қолданушылары танымал актер Джеки Чанның Алматыға келуін қызу талқыға салды. Қазнетте оның не үшін келгеніне қатысты түрлі жорамалдар айтылды.
Кейбіреулер актер алдағы "Қайрат" пен "Реал" арасындағы матчқа қатысуға келді деп болжады.
Көп ұзамай оңтүстік астанада актердің жүргенін растайтын өзге де кадрлар жарияланды.
Salem Entertainment қабырғасында әлемдік кинематография аңызы – актер, сценарист, режиссер және продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өтті. Біз ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірістік. Алматыда болған уақытында актер біздің командамызбен бірге алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдады. Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілетін болады.Толығырақ мәліметті әзірге құпия сақтаймыз 😉 Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар, ең қызықтысы әлі алда! – деп жазды Salem Entertainment медиа компаниясы желідегі парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Джеки Чан Қазақстанға келіп кино түсіретінін хабарлаған болатынбыз.