Дүйсенова қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

27 Тамыз 2022, 12:43
618
Бөлісу:
Дүйсенова қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстандықтарды алдағы Конституция күнімен құттықтап, бақыт, амандық және тұрақтылық тіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Құрметті қазақстандықтар, сіздерді келе жатқан маңызды мереке – Конституция күнімен құттықтаймын!

Бұл күн біз үшін өте маңызды. 1995 жылғы 30 тамызда тәуелсіздігіміздің символына, қазақстандықтар үшін тең құқықтар мен бостандықтардың кепіліне айналған еліміздің Ата заңы қабылданды. Конституцияда біздің көпұлтты Қазақстанда әрбір азаматтың құқықтары сақталатынын, әрқайсымыздың өз қабілеттеріміз бен дарынымызды іске асыру үшін тең мүмкіндіктер бар екенін мәлімдедік.

Қазіргі уақытта біздің Министрліктің қызметкерлері жаңа, өте маңызды Заң – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің жобасы бойынша жұмыс істеуде. Ол халықты әлеуметтік қорғау саласындағы барлық қолданыстағы заңнамалық актілерді, яғни туылған сәттен бастап құрметті демалысқа шыққанға дейін азаматтарды әлеуметтік қолдау мен мемлекеттік кепілдіктер беруді қамтамасыз ете отырып біріктіреді. Сондай-ақ, құжатта қазақстандықтардың зейнетақымен қамтамасыз етілуін жақсартуды, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуді, мүгедектікті белгілеу рәсімін жетілдіруді және басқаларды көздейтін новеллалар бар.

Әрбір қазақстандыққа мықты денсаулық, тұрақтылық және амандық тілеймін. Шаңырақтарыңыздан әрдайым қуаныш пен жайлылық орын алсын!», – делінген Тамара Дүйсенованың үндеуінде.

Өзгелердің жаңалығы