Душанбеде "Мұзбалақ" анимациялық фильмі көрсетіледі

19 Желтоқсан 2019, 09:12
4117
Бөлісу:
Душанбеде "Мұзбалақ" анимациялық фильмі көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Душанбеде ынтымақтастық шеңберінде 22 желтоқсанда Кино үйінде жақында ғана Израильден жеңіспен оралған "Мұзбалақ" толықметражды анимациялық фильмі көрсетіледі.

Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениеті туралы сыр шертетін бұл анимациялық туынды бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайды. Бұл фильмдерді
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген.

15 желтоқсан күні Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласындағы Кино үйінде ("Зебуннисо" кинотеатрында орналасқан) Тәжікстан және Қазақстан кинематографистер одақтарының ынтымақтастығы шеңберінде режиссер Ермек Тұрсыновтың "Келін" фильмі көрсетілді.

Он жыл бұрын жарыққа шыққан фильмнің негізгі оқиғасы біздің дәуіріміздің III-IV ғасырларындағы кезеңді суреттейді (ислам дәуіріне дейінгі кезең). Үнсіз түсірілген кинотуындыны тамашалаған көрермендер жылы лебіздерін білдіріп, өз ойларын ортаға салды. Кешті тәжіктің белгілі кинотанушысы Садулло Рахимов жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы