Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай салтанатты іс-шара өтті

27 Ақпан 2023, 14:26
1446
Бөлісу:
Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай салтанатты іс-шара өтті
PHOTO

Бүгін Астанада 27 ақпан Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Астана қаласы әкімдігінің, Халықаралық және шетелдік ұйымдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Кез келген мемлекеттің тірегі – азаматтық қоғам. Үкіметтік емес ұйым өкілдері халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдық диалогтың қалыптасуына ықпал етеді.Қазіргі уақытта елімізде 22 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген, оның 17 мыңынан астамы белсенді жұмыс істейді. Мемлекет жыл сайын 2 мың әлеуметтік маңызы бар жобаны ҮЕҰ-мен өзара байланыс арқылы іске асырып келеді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде, 2022 жылы 500-ден астам жұмыс орны құрылды, 32 мыңнан астам бенефициар нақты көмек алды, оның ішінде 3000 ерекше қажеттілігі бар, 60-тан астам әлеуметтік қызметтер мен орталықтар құрылды, - деді министр Дархан Қыдырәлі.

Азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін министрлік жүйелі кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Мәселен, 2022 жылы 4 шілдеде волонтерлікті және қайырымдылықты дамыту мәселелері жөнінде Заң қабылданды.

Осыдан біраз уақыт бұрын Қоғамдық кеңестер мәселесі бойынша заңнамаға түзетулер енгізілген болатын. Осылайша олардың қызмет аясын квазимемлекеттік секторға дейін кеңейтуге мүмкіндік берілді.

Қоғамдық кеңестердегі азаматтық сектордың үлесі 23,5% артып, қазіргі уақытта 86%-ды құрады.Қоғамдық кеңестердің құрамы 90%-ға жаңартылды, - деді министр.

Салтанатты жиын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін марапттау рәсімімен тәмамдалды.

Өзгелердің жаңалығы