Дүниежүзілік тазалық күні: Шымкенттіктер белсенді атсалысты

20 Қыркүйек 2024, 15:27
297
Бөлісу:
Дүниежүзілік тазалық күні: Шымкенттіктер белсенді атсалысты
PHOTO
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup day) жыл сайын қыркүйектің үшінші аптасында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Науқанның негізгі міндеті – жұртшылық назарын қоршаған орта тазалығына, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтын ұстануға аудару. 

Дүниежүзілік тазалық күні: Шымкенттіктер белсенді атсалысты

Бүгін Шымкентте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырылып, қала жұртшылығы белсенділік танытты.

Дүниежүзілік тазалық күні: Шымкенттіктер белсенді атсалысты

Осы күні Абай ауданының тұрғындары мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары Ынтымақ шағын ауданында орналасқан әужайдың жаңа терминалының маңын тазаласа, Әл-Фарабилік тұрғындар Қошқар ата өзенінің, Еңбекші ауданының белсенді тұрғындары «Орманшы» тұрғын алабындағы «Шымкент» каналы бойында «Таза жағалау» атты экологиялық іс-шарасын ұйымдастырды.

Дүниежүзілік тазалық күні: Шымкенттіктер белсенді атсалысты

Халқымыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Қошқар ата – суы мөлдір, таза әрі шипалы өзен. Өзеннің бастау алатын тұсына барып көрсеңіз оның суы қаншалықты таза екеніне көз жеткізесіз. Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер өзеннің жағалауы мен сағасын үнемі таза ұстай білсек, Қошқар атаның суы бүкіл қаламыздан осындай тап-таза, мөп-мөлдір қалпында ағып өтер еді. Бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді, – деген қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.

Бүгінгі халықаралық тазалық күніне орай Нұрсәт шағын ауданының тұрғындары мен еңбек ардагерлері «Таза аула» ұранымен шықса, Құрсайлық тұрғындар халықаралық А2 автодәлізі бойын тазалады.

Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек – дейді Тұран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды. 

Ал, «Асар» шағын ауданындағы экологиялық акцияға қатысқан Жасыл ел» еңбек жасақтарының белсенді мүшесі Жазира Омарова сүйікті қаламыз Шымкенттің тазалығын сақтауға азғантай да болса үлес қосқаныма қуанышты екенін, әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, жауапкершілікті сезіне білсе, Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асып, түпкі мақсатына жететініне сенемін деген пікірін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы