Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның шахматшы қыздар құрамасы Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан олимпиадада осымен екінші мәрте жеңіске жетті.
Мұның алдында Гватемаламен ойнап, 4-0 есебімен жеңген. Екінші раундта қазақ шахматшы қыздары 3-1 есебімен Бельгиядан басым түсті.
Бұл жеңісті Бибісара Асаубаева мен Назерке Нұрғали әкелді, ал Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева өз матчын тең аяқтады. Ерлер құрамасы Тәжікстаннан жеңіліп қалды, есеп - 1,5-2,5.
Командадағы жалғыз жеңіске Қазыбек Нөгербек қол жеткізді. Арыстанбек Оразаев тең түсті, ал Әлішер Сүлейменов пен Мұртас Қажығалиев қарсыласынан ұтылды.