Дүниежүзі пандемияның өте ауыр айларын күтуде – ДДСҰ басшысы

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Бұл туралы&nbsp;Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс жұмада өткен брифингте мәлімдеді.</h4>

 24 Қазан 2020 2020, 12:48
24 Қазан 2020 2020, 12:48
3197

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс жұмада өткен брифингте мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жарты шарда. Келесі бірнеше ай өте қиын болады. Бірқатар ел қауіпті бағытта қозғалады. Тым көп мемлекет COVID-19 жағдайларының экспоненциалды өсуіне тап болды. Қазір ауруханалар мен жансақтау палаталары өз мүмкіндіктерінің шегіне жетті. Ал бұл тек қазан айы, - деді Тедрос Адханом Гебрейюс.

Гебрейюстің айтуынша, ел басшылары жаңа қасіреттің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауы керек.

Наверх